09 Шілде 2024
Тамақтандыру

Жаңа оқу жылында мектеп асханасының жұмысы туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жаңа оқу жылында мектеп асханасының жұмысы туралы ақпарат.

2019 – 2020 оқу жылы Балаларды дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтумен қатар, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Сабаққа ынтасы артады. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, онда организмде зат алмасу процесі бұзылады.

Салауатты тамақтану мәдениеті – тағамның құнарлығы мен көлеміне, баланың жас ерекшелігіне, денсаулығы мен мінезіне, жыл маусымына байланысты. Тамақ құнарлылығы жағынан әр жастағы баланың іс – әрекетіне байланысты жұмсайтын күш – қуаты мөлшерін толық жабуға тиіс және ішкі ағзалардың дамуына керекті заттармен қамтамасыз етіп тұруы керек. Елімізде бүлдіршіндер мен балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыруға аса мән беріліп жатыр.

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде арендатор жеке кәсіпкер Сансызбаева А. жұмыс істейді.

Мектеп ас бөлігі асханадан және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Асханада 1 мұздатқыш, 2 электр плитасы, 1 пісіру шкафтары бар. Қазіргі уақытта осы құрылғылар жұмыс жасап жатыр.

Асхана снитарлық – гигиеналық жағдайы өте жақсы. Ас мәзірі арнайы аудандық СЭС – тің қадағалауымен бекітілген. Күнделікті мектеп медбикелері тексеруден өткізіп тұрады. Ыстық тамақпен ЖҚҚБ қорынан қамтамасыз етілген 38 және жалгер есебінен 18 баланаң уақытында тамақ ішуі қадағаланады. Бұл үшін мектепішілік комиссия бекітілген.

Ас бөлігі күніне 2 рет жуылып тұрады. Ас өнімдерін сату уақытында барлық ережелер сақталады. Асхананың іші таза, кең.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай

Пайдалы ақпараттық ресурстар