Мектепішілік «Жылдың үздік сынып жетекшісі – 2022» сценарийі
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!
2-жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған «Жылдың үздік сынып жетекшісі– 2022» байқауына қош келідіңіздер.
1-жүргізуші: Ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, сапалы ұрпақтың, ұлттың ойлау қабілетіне, біліміне, іскерлігіне ұстаздардың арқасында жетеміз.
2-жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.
1-жүргізуші
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, жанкүйерлер, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы ұстаздарға.
1-жүргізуші: Бұл сайыстың екінші кезеңі, бірінші кезең сырттай өткізілген болатын. І кезеңнен сүрінбей өткен, жүйріктердің ішіндегі жүйріктері, мықтылардың ішіндегі мықтыларды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Ендеше байқауға қатысатын ұстаздармен таныстырып өтейік.
11 «а» сынып жетекшісі – Қартбаева Эльмира
10 «а» сынып жетекшісі – Айтақынова Гүлбақыт
9 «ә» сынып жетекшісі – Елжанова Мейрамкүл
8 «а» сынып жетекшісі – Дүйсенбек Рауан
7 «ә» сынып жетекшісі – Нурбекова Алматай
6 «а» сынып жетекшісі – Омарова Мәншүк
1-жүргізуші:
Ендігі кезекте мектеп оқушыларының жыр шумақтарына берсек 1 — оқушы Армысыздар бұл кештің қонақтары, Халқымның әрқашан да қонақ – бағы!
2 — оқушы
Армысыздар, ұстаздар, асыл жандар,
Шуақ болып көңілге шашылғандар!
Білім беріп біздерге талмай, тынбай,
Ғылым, ілім, оқуға шақырғандар!
3 —оқушы
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден – Батырдан
Өнері асқан актерден,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден,
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен,
Ұстаздарға мың сәлем!
4 — оқушы
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
5 — оқушы
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан
6 — оқушы
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ — даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
7 — оқушы
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Қазақ тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Қартбаева Эльмира
Ұрпаққа жаңа өн берген!
8 — оқушы
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Айтақынова Гүлбақыт
Әрқашан да біздерге берген білім.
9 — оқушы
Мейрамкүл апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.
10 — оқушы
Ағылшын 3 тіл білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық — жарқын қабағы.
Рауан апайдың әрбір берген сабағы
«Good morning » деп басталады
11 — оқушы
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіз кіргенде географияны қолға алып есіктен,
Нұрбекова Алма апай келді деп біз жайнаймыз.
12 — оқушы
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Омарова Мәншүк апайымызға мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!
13—оқушы
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
14—оқушы
Мектебім – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазым – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтым,
Шарықта, сынып жетекшім, ақ жол саған.
2-жүргізуші:
Әділдікті жақтаған әрқашанда,
Тура сөзге әрдайым тоқтаған ба.
Кім жеңеді байқауда үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Байқауымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Дәрібай Индира Темірғалиқызы – мектеп директоры
Таңатқызы Гүлнұр – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Шалғынбай Айгерім– директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Оскенбаева Меруерт – директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Жандосова Ташкен – педагог – психолог
Шағатаева Гүлнұр – бастауыш сынып пәнінің мұғалімі
Алпарова Сақыпжамал – химия пәнінің мұғалімі
1-жүргізуші:
«Жылдың үздік сынып жетекшісі-2022» байқауының құтықтау сөз кезегін мектеп директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Ал бүгінгі байқауымыздың мақсаты мен ережесімен таныстырып өтейін: (бағдарлама бойынша)
Байқаудың 1 кезеңінде әр сынып жетекші «сынып портфолиосы» мен «сынып жетекшінің тәрбие саласында алатын орны» атты тақырыпта эссе жұмысы және белгіленген кесте бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
1-жүргізуші:
Енді байқауымыздың 2 кезеңі бойынша:
1.Таныстыру кезеңі: Әр сынып жетекші 5 минуттан аспайтын 9 слайдтан аспайтын «Мен және менің сыныбым» атты тақырыпта әр форматта сыныбын таныстыру;
2-жүргізуші:
2. Сұрақ – жауап кезеңі: «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» педагогикалық сұрақтарға ойланбастан жауап беру ( әр сайыскер 2 сұраққа жауап береді)
1-жүргізуші:
Бойыма алаулатып күш - жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпа мәңгі - бақи ұстазымды.
2-жүргізуші:
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты.
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сондықтан да жақсы көрер жақын жаты.
Құрметті байқауға қатысушы ұстаздар реттік номірлеріңізді білу үшін жеребе алуларыңызды сұраймыз.
(жеке-жеке асық алу арқылы өтеді (ән шашу)
1-жүргізуші:
Ұстаз – бұл ұлы адам ел таныған,
Шәкіртін үйретуден жалықпаған.
Кішкентайдан қолынан жетектеп ап,
Сырлы әлемге өзіңді алып барған.
2 жүргізуші
Ойы озық өзге жаннан шарықтаған
Өнері көкке қарай қалықтаған,
Көкірегі ояу, парасатты ой иесі,
Білім беру жолында жалықпаған
1 жүргізуші
Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз
Әр ұстаз айта кетсін өз сыныбы жайлы.
1 кезең: Байқауға қатысушылардың «Мен және менің сыныбым» тақырыбында таныстыруы (сайыскерлер ортаға шығады)
№ Сынып жетекшінің аты жөні Реттік нөмірі
1. 11 «а» сынып жетекшісі – Қартбаева Эльмира
2. 10 «а» сынып жетекшісі – Айтақынова Гүлбақыт
3. 9 «ә» сынып жетекшісі – Елжанова Мейрамкүл
4. 8 «а» сынып жетекшісі – Дүйсенбек Рауан
5. 7 «ә» сынып жетекшісі – Нурбекова Алматай
6. 6 «а» сынып жетекшісі – Омарова Мәншүк
2 жүргізуші
Әрқашан сөзі ізгі ірі асылдар,
Жүрекке үміт сеуіп тұрасыздар.
Өмірде түрлі-түрлі жағдай болса,
Тұйықтан қалай сіздер шығасыздар.
Сайыскерлерімізге арнайы қойылатын ситуациялық сұрақтар.
1.Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғалғанын, сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?
2. Сіз сабақ өткізудесіз. Мектепке сирек келетін ата-ананың бірі есік қақпастан кіріп келіп, әй-шай жоқ, партада отырған қызының жанына жүгіріп барып, айналып-толғанып ертіп әкете жөнелді. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Тез келсін!» деп сізді директор шақыртыпты. Кабинетіне кіріп келсеңіз ашуланып тұрған директор сіздің еш қатысыңыз жоқ оқиға жөнінде ұрса жөнелді. Сіз ештеңе түсінбей, таңырқап қалдыңыз. Не істейсіз?
4.Тобыңызда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?
5. Сыныбыңызда бір оқушы сабақ барысында сабақтан қашып кетіпті. Күн болса аяз, боран соғып тұр. Сіз сынып жетекшісіз. Баланың өміріне сіз жауаптысыз. Сіздің әрекетіңіз?
6.Мерекеге қарсы тәрбие сағатын өткізейін деп жатырсыз. Арман есімді бір оқушының әлі жоқ, ол жүргізуші және көріністерге де шығады. Басталатын уақыт болды. Ата-ана т.б шақырылған қонақтарың келіп болды. Сіз не істейсіз?
7.Сыныбыңызда ұлдар өте тентек. Сыныбыңыз үшін үнемі ескерту аласыз. Шаштары өскен, үнемі ескертесіз. Бірақ орындалмайды. Ата-анаға барсаңыз «жалғыз сол ма?» деген сияқты дәлел айтады. Сіздің әрекетіңіз?
8. Сыныбыңызда нашар оқитын оқушы бар. Оның үлгерімін жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?
9.Өзіңіз жетекшілік ететін сыныбыңызға үзіліс кезінде сөмкеңізді тастап кеттіңіз. Қайтып келгенде, сөмкеңізден қомақты ақша жоғалғанын аңғардыңыз. Қайтесіз?
10. Таңертең асығып етегіңіз сөгілген көйлек кигеніңізді байқамадыңыз. Сабақ басталғасын 15 минуттан соң бір оқушы «мұғалім, көйлегіңіздің етегі сөгіліп кетіпті ғой» деп дауыстап сыныпқа естіртіп айтты.Не дейсіз?
11. Қоңырауда сыныптастарымен жанжалдасып, ашуланып отырған оқушы Сіздің сабақ басталды,жұмыс істе деген сөзіңізге «мазамды алмаңызшы» деп дөрекі жауап берді. Қайтесіз?
12. Сыныбыңыздың оқушылары үнемі ашық сабақтарда белсенділік танытпауда, сол себепті ылғи өткізген ашық сабақтарыңыз сәтсіз өтеді. Сыныптың ашық сабақтарда белсенділігін ояту үшін қандар жұмыстар жасар едіңіз?
2жүргізуші
Бойларыңда от бар екенін байқадық,
Жүректерде шоқ бар екенін байқадық.
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар, әрдайым.
Әділқазылар қорытындысын шығарғанша кезекті мың бұрала билеген бишілерімізге берейік.
Ортада 7 «а» сынып оқушылары _________________________
1 жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.