23 Шілде 2024
Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес

«Қамқоршылық» кеңесінің құжаттары және материалдық көмектер

Әр жылдың шілде айының 25-тамызға дейін барлық   жалпы  білім беретін мектептер  мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінде қамқоршылық кеңес қызметін құрылуы керек.

Қамқоршылық кеңес қызметі туралы білім ұйымдары басшылар, сынып жетекшілері,  ата-аналар   қауымдастықтары,  секциялары 30 тамызға дейін талқылауы тиіс.

БАҚ-да қамқоршылық кеңес қызметі туралы жариялау.

Барлық мәліметтерді ҚР БжҒМ-ң сайтына ендіріп, сол жылдың 25 тамызына дейін тапсыру қажет.

                                                                 Қамқоршылық кеңесінің бұйрығы

Кәсіпорынның атауы

Бұйрық №

«__»__________200_ж.

«Қамқоршылық кеңесін құру  туралы»

Мектептегі  жетім, жартылай жетім, мүгедек, оралман, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына әлеуметтік көмек және қамқорлық көрсету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мектепте қамқорлық кеңесінің мүшелері және жоспары бекітілсін.
  2. Кеңестің төрайымы (төрағасы) мектеп директоры:

       Кеңестің мүшелері:

  1. Оқу ісі жөніндегі орынбасар;
  2. Тәрбие жөніндегі орынбасар;
  3. Бастауыш сыныптардағы оқу ісі жөніндегі орынбасар;
  4. Кітапхана меңгерушісі;
  5. Ата-ана комитеті;
  6. Педагог-психолог;
  7. Медбике
  8. Әлеуметтік педагог. 
  9. Демеушілер.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.

Мектеп  директоры қолы аты-жөні

Орындауышының қолы

 

Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым  министрлігінің 

мақұлдауымен

2007 жылғы 22 қазан 

№501 бұйрығымен бекітілген

 

Қамқоршылық кеңес қызметі   және оны сайлау  тәртібінің  үлгілік

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

  1. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері (бұдан  әрі - Ережелер) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабаның 9-тармағына сәйкес әзірленген.
  2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.
  3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінің  Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
  1. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атарушы органдармен, мүдделі ведомостволарымен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.
  1. Қамқошылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
  1. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі
  1. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.
  1. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
  1. Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы,
  2. Басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;
  3. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестіктер;
  4. Қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
  5. Демеушілер кіруі мүмкін.
  1. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізіулі мүмкін.
  2. Қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының,  мемлекеттік  органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін басқарады.
  3. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.
  4. Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыс қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңестің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізеледі.
  5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-сі отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауысымен оның қатысып отырған мүшелерінің  басым көпшілігінің дауысымен қабылданады.
  6. Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары:
  1. білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға болады;
  2. білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы мен қажетті жағдайлар жасау;
  3. білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
  4. білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып табылады.
  1. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
  1. білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту шараларына ықпал ету;
  2. халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
  3. халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына  және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
  4. білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады.
  1. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату
  1. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату:
  2. құрылтайшының бастамасы бойынша;
  3. Қамқолршылық кеңестің бастамасы бойынша;
  4. Білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырады.

 

Бекітемін

Мектеп директоры:  И.Дәрібай

«       » «      » 20   ж

                                    «Қамқоршылық» кеңесінің  жылдық жоспары

Атқарылатын іс-шаралар Мерзімі Жауапты

1.

Мектепте «Қамқорлық» кеңесін құру, мүшелерін сайлау, жоспарын бекіту

Жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыны бөлу

Тамыз

Мектеп әкімшілігі

Қамқоршылық кеңес төрағасы

2.

Мөлтек аудан бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілермен бірлесе анықтау және әлеуметтік диагностика жасау: тұл жетім; жартылай жетім; оралман; көпбалалы; оралман және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары.

Қыркүйек 

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

3.

- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасы және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.

- Мектеп асханасын жалдаушылары тарапынан келісімшарт құра отырып, оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Қыркүйек 

Әлеуметтік педагог

Кітапхана қызм-і, сн. жетекшілер

4.

Мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны және ҚР «Неке және отбасы Заңын» талқылау

Қазан

Әлеуметтік педагог

Кеңес құрамы 

5.

- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісн жүргізу, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтау.

- аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетм оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісін жүргізу

Жылына 2 рет

 

Жылына 1 рет

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

6.

- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бақылау және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу;

- Аз қамтамасыз етілгген оқушылармен әлеуметтік-психологиялық диагностикалық жұмыстарын атқару

Қараша

Әлеуметтік педагог,

Педагог-психолог

7.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа жылдық шыршаға алып бару және мерекелік сыйлықтар ұйымдастыру

Желтоқсан

Әлеуметтік педагог,Тәрбие орынбасар  

8.

- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен және әлеуметтік көмектер көрсету;

Қаңтар

Әлеуметтік педагог

Сн. Жет.

Тәрбие ісі жөніндегі орын.

9.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың әлеуметтік ортасына зерттеу жұмыстарын жүргізу;

Қиын және құқықбұзуға бейім балалармен  әлеуметтік-психологиялық жұмыстар атқару

Ақпан 

Әлеуметтік педагог

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

Педагог-психолог

10.

«Мен және Заң» тақырбы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен дөңгелек  үстел өткізу

- «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру;

Наурыз

Әлеуметтік педагог

Тарих пән мұғалімі

Қамқоршылық кеңес төрағасы  

11.

Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде  «Менің қызығушылығым» тақырыбында сауалнама жүргізу

Сәуір

Әлеуметтік педагог

Педагог-психологтар

12.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың қамқоршыларымен әңгіме өткізу, есебін алып тұру

Жылына 2 рет

Әлеуметтік педагог Қамқоршылық кеңес төрағасы  

13.

- 1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты қабырға газеттерін шығару, мәдени-іс шара ұйымдастыру және оқушыларды қатыстыру

- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз ету

Маусым, шілде

Әлеуметтік педагог

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы: М.Құмғанбаев                                                          

Әлеуметтік педагог: А.Жамшигулова

Бекітемін

Мектеп директоры: И.Дәрібай

 

«Қамқорлық» қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру іс-шара жоспары

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Қайырымдылық көмек көрсетілетін оқушыларды анықтау

Қаңтар 

 

Әлеуметтік педагог

2

Мектептегі «Қамқоршылық» кеңесінің жиналысын өткізу, іс-шара жоспарымен таныстыру

 

Әлеуметтік педагог

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

3

Қайырымдылық көрсететін демеушілерді ұйымдастыру, көрсетілетін көмек түрін анықтау (киім-кешек, азық-түлік тағы басқа), комиссия құру 

Айлық барысында

Әлеуметтік педагог

Кеңес мүшелері

4

Демеушілердің қаражатын жинап, балаларға өлшемдеріне сай, киім-кешек, аяқ киім сатып алу

 

Әлеуметтік педагог

Комиссия мүшесі

5

Концерттік бағдарлама ұйымдастыру

 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

Музыка пәнінің мұғалімі

6

Қамқорлықты көрсету, оқушыларға киім-кешек, аяқ киімдерін тарату, ата-аналарына қол қойдыру

 

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекішлер

Комиссия мүшесі

7

Берілген көмек туралы ҚББ мәліметті өткізу

 

Әлеуметтік педагог

 

Қамқошылық кеңес төрағасы: М.Құмғанбаев

ДТІЖО: А.Шалғынбай

Әлеуметтік педагог: А.Жамшигулова

Балқаш ауданы «Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2021 – 2022 оқу жылы Қамқоршылық  кеңес  мүшелері

Аты-жөні

Жауапты міндеті, қызметі

Қызмет орны, мамандығы

Ұялы байланыс телефоны

1

Құмғанбаев Мұрат

Қамқоршылық кеңес төрағасы

Қауымдастық мүшелерінің төрағасы

87714054250

2

Малдыбекова Рауан

Кеңес хатшысы,

ата-аналар комитетінің төрайымы

8 778 733 56 07

3

Байжігітов Теміртай

Кеңес мүшесі

Жеке кәсіпкер

87057274111

4

Есмұқанбетов  Айдос Талғатович

Кеңес мүшесі

Қарой ауылдық учаскелік полицей қызметкері

87775961919

5

Рахымберлі Мейірғалым

Кеңес мүшесі

 Жеке кәсіпкер

87714009071

6

Мұсырпанов Еркен

Кеңес мүшесі

 Қарой ауылдық әкімшілігінің есепшісі

87775930785

7

Қартбаева Ғазиза

Кеңес мүшесі

 Зейнеткер ұстаз 

87773465329

8

Абдыкеров Мәулен

Кеңес мүшесі

 Зейнеткер ұстаз

87051410488

9

Бұлдыбаева Толқынай 

Кеңес мүшесі

Қарой ауылдық ауруханасының медбикесі

8777 023 11 12

Мектеп директоры: И.Дәрібай

Пайдалы ақпараттық ресурстар