09 Шілде 2024
Жаңалықтар

Терроризмнің, басқа да қауіп қатердің алдын алуға байланысты «жас құтқарушы» ұйымының 2021 – 2022 оқу жылында өткізілген апталық жұмысы жайлы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жүргізілген 19 қазан «Құтқарушылар күні» мерекесі аясында терроризмнің, басқа да қауіп қатердің алдын алуға байланысты «жас құтқарушы» ұйымының 2021 – 2022 оқу жылында өткізілген апталық жұмысы жайлы хабарлама.

Алматы облыстық білім басқармасының ақпараттық хатын басшылыққа ала отырып 19 қазан «Құтқарушылар күні» мерекесі аясында терроризмнің, басқа да қауіп қатердің алдын алуға байланысты апталық іс – шара ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының сабақ уақытынан тыс уақытта өз уақыттарын бос өткізбеуі үшін арнайы ұйымдар ұйымдастырылып, оқушы назарын аударып қана қоймай, оқушы зейінін ашып, әр түрлі жұмыстармен шұғылдана білуіне бағыттайды. Осы орайда мектепшілік «Жас құтқарушылар» ұйымы ұйымдастырылып, оқушыларды нағыз болашақ қандайда бір болмасын тосын жайыттардың, оқыс оқиғалардың алдын алушы алғашқы көмек көрсетуші ретіндегі жұмыстарға машықтандыруда. Жоспар бойынша қыркүйек айында «Жас құтқарушылар» жұмыс жоспарымен таныстыру жүргізіліп, өз мақсат, міндеттері мен таныстырылды.

Ал қазан айында жоспар бойынша өрттің алдын алу шаралары тақырыбында жас құтқарушылар арасында сап түзел ұйымдастырылып өрттің алдын алу шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұйым мүшелері арасынан өзіндік пікірлері мен ойлары тыңдалып өтті, «қауіпсіздік белгілері туралы мағлұматтар» тақырыбы аясында ұйым мүшелері екі топқа бөлініп, 30 минуттық аудиалды түрде мағлұматтар алса, қалған 30 минут уақыты арасында визуалды түрде топтық жарыс өткізілді. Қауіпсіздік белгілерінің суреттері және олардың фунциялары жайлы айтылып топпен жарыс өткізілді. Аталмыш шара бойынша «төтенше жағдайда құтқарушының міндеті» тақырыбында құтқарушылардың міндетін лекциялық жиын жасалып өткізілді.Жиын барысында төтенше жағдайда, су тасқыны не өрт немесе жер сілкінісі болған кезде құтқарушының міндеттеріне қандай іс-әрекеттер тән екені толық қанды айтылып өтті. «Зілзала кезіндегі құтқару жұмыстары» тақырыбы аясында жас құтқарушылармен практкалық жұмыстар жасау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, апталық жоспар бойынша «алғашқы дәрігерлік көмек көрсету» тақырыбында мектеп мейірбикесімен бірге оқушылар алғашқы көмек түрлерін практикалық тұрғыда жүргізіп өтті.

«Өрт кезіндегі құтқару жұмыстары» тақырыбында тағы бір практикалық шараны оқушылар қызыға да ыждахаттылықпен орындай білді.

Осындай шаралар аясында жас құтқарушылардың жұмысының нәтижесін байқау үшін апта бойына өткізілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында оқушылар арасында бір сағаттық жиын өткізіліп,балалар өз дәрежелерін анықтай біліп, ашық ой алаңы өткізіліп, жылдық қорытынды болып өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай

Пайдалы ақпараттық ресурстар