«Мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 7 - 13 қыркүйек аралығында өткізілетін «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың өткендігі туралы Хабарлама.
Қыркүйек айының екінші аптасында әр сыныпта «Махаббатпен жылытқан отбасы» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушыларға отбасының қоғамдағы ролін білдірту, перзенттік парыз деген қасиетті бойларына сіңіре отырып, отбасыларын қадірлеуге, сыйлауға, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани-адамгершілікте тәрбиелеу мәселелеріне және қазақстандық отбасының оң бейнесіне екпін қойылған біріңғай дәріс сағаты өткізілді.
Орталықтар назарсыз қалған жоқ, бұнда «Мен өз отбасымды сүйемін» тақырыбында Оспанбаева К жетекшілігімен фотокөрме ұйымдастырылды. «Мектеп, ата-аналар және мен – біртұтас отбасы» атты қуныш және жақсылық дөңгелек шаралары ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша балалармен және ата-аналармен жұмыс істейтін мамандардың құзыреттілігін арттыруға, қоғамдық ұйымдардың әлеуетін мектептерде ағарту жұмыстарын жүргізуге тартуға және қоғамның отбасы мен балалардың мүддесін қорғайтын барлық бөлімдерінің өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған ұсыныстар қабылданды.
«Бақытты отбасын қалай сақтауға болады?» тренингі дене шынықтыру бірлестігіне жүктелді, сондай-ақ, Жандосова Т мен Шылғаубаева Ә ұйымдастыруымен отбасы күніне орай «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық ойын, бастауыш сынып оқушылары арасында «Бақытты жанұя- бақытты ел» отбасылық сайыс түрлерінен жарыстар болып өтті. Шараға қатысушылардың барлығы да ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Балалардың қуанышында шек болмады.
Білім беру ұйымдарында отбасы тәрбиесі мен құндылықтарын бағалауға бағытталған ашық тәрбие сағаттары, концертік бағдарламалар, мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізілді.
Мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, өскелең ұрпақтың бойында отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Бәрі де отбасынан басталады», «Балалар- отбасы- отан», «Мен өз отбасымды сүйемін» тақырыптары бойынша сурет көрмесі және фотокөрме өткізілді.
Отбасы күні - сенімділік пен махаббат. Апталықтың жабылу салтанатына орай жоғарғы сынып оқушылары махаббат және достық туралы әндер және өлеңдер оқып, соңы флеш-моб ұйымдастырылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай