10 Шілде 2024
Іс-шаралар

«Жылдың үздік мұғалімі - 2022»

Мектептің жылдық жоспар негізінде «Жылдың үздік мұғалімі - 2022» конкурсының мектепішілік кезеңін ұйымдастырып, өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.

Байқаудың міндеттері:

  • Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;
  • Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;
  • Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;
  • Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;
  • Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.

Байқауды өткізуді ұйымдастыру

  • Байқау Білім бөлімі бекіткен Ережеге сәйкес өтеді;
  • Байқауға қатысуға мектептен бір ғана жеңімпаз жіберіледі; 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Білім беру мекемесінің штаттық педагогикалық қызметкері болуы шарт;
  • Байқауға қатысушының педагогикалық еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс. 

 Байқауға 6 мұғалім қатысты.

Пайдалы ақпараттық ресурстар