«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 3-8 сыныптар «Шаңырақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен 10 ақпан мен 14 ақпан аралығында өткен «Қазақтың дара туған данасы» атты апталық туралы Хабарлама.
Мақсаты: Ақын шығармаларын дәріптеу және жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Шығармаларының тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, насихаттау Жоспар бойынша 2019-2020 оқу жылының 10 ақпан мен 14 ақпан аралығында 3-8 сыныптар, сынып жетекшілері- Шағатаева Г, Айтакынова Г,Анарбекова Қ, Дулатбек Қ «Шаңырақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақтың дара туған данасы» атты апталық болып өтті.
Апталық «Қазақтың дара туған данасы» атты тәрбие сағатымен басталды.
Тәрбие сағатына 3-8 оқушылары мен бірге ата-аналары да қатысты. 3-сынып оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, 8 сынып оқушылары ақынның қарасөздерінің тәрбиелік мәнін көрініс арқылы ұғындыра білді. Сондай-ақ т әрбие сағатына атсалысқан ата-аналар да «Біржан сал Абай аулында» атты көрініс қойып, актерлік шеберліктерін танытуда көрермендерін өнерімен тәнті етті.
Тәрбие сағатының соңында келген қонақтар оқушыларымыздың және ата-аналарымыздың өнеріне ризашылығын білдіріп, жақсы тілектер мен алғыстарын жаудырып жатты.
Апталықтың екінші күнінде 3-8 сынып оқушылары «Білімдіге дүние жарық » атты интеллектуалды ойынында өз білімдерін ортаға салды. Бұл ойында топтық жұмыс құрылып, оқушылар өзара ынтымақтаса отырып, тапсырмаларды орындауда әр топ ерекше белсенділік танытты.
Апталықтың үшінші күнінде оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қол күрес» ойынынан жарыс өтті.
Арнайы салмақпен іріктелген оқушыларымыз күш сынасуда бірінен бірі асып түсіп жатты. Ойын өте қызықты да тартымды өтті. Сондай-ақ ойын соңында жеңімпаздарымыз арнайы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Апталықтың төртінші күні «Сенде бір кірпіш дүниеге…» атты кездесумен жалғасын тапты. Бұл кездесуге ауылдың танымал азаматтары-Қарой селолық округінің әкімі - Болатов Ә. Б , әкімшілік апаратының бас маманы - Іргебаев Т. О, сонымен ауылдың кәсіпкерлері Қасымбеков М, Амандос Е арнайы қонаққа шақырылды. Кездесуге шақырылған қонақтарымызды оқушыларымыз өздерінің жылы лебізді тілектерімен, арнайы дайындаған өлең шумақтарымен қарсы алды.
Кездесу барысында қонақтарымыз ортаға шығып өздерінің өмір жолымен таныстыра отырып,кездескен қиындықтар мен қызықты сәттерімен ой бөлісті. Сонымен бірге оқушыларымыздың өздеріне қойған сауалдарына жауап беріп, кез келген қиындықты жеңуге болатынын және ол үшін мектептегі білімнің орны ерекше екендігін айтып өтті.
Кездесу соңы оқушыларымыздың дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.
Апталықтың шешуші күні «Адамзаттың Абайы» атты қорытынды кешпен аяқталды. Бұл кешке 5- 10 сыныптар аралығындағы оқушыларымыз қатысты. 5-6 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, 7-8 сынып оқушылары ақын әндерін нақышына келтіріп орындауда өлеңге деген, өнерге деген ынтасының жоғары екенін танытты. Сондай-ақ 9-10 сыныптар ақынның қарасөздерін бірі мәнерлеп жатқа оқыса, бірі сахналық көрініс арқылы тәрбиелік мәнін ұғындырып жатты.
Кешіміздің соңында апталықтың қорытындысын қорытындылау үшін сөз кезегі мектеп директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызына берілді.
Өз сөзінде И.Темірғалиқызы апталықты ұйымдастырған 3-8 сынып оқушыларына сонымен бірге осы сыныптардың сынып жетекшілеріне алғыс білдіре отырып,ұлы ақынның құрметіне орай ұйымдастырылған осындай іс-шараның өскелең ұрпаққа берері мол, маңызы зор екенін айтып өтті.
Кешіміздің соңында ерекше білімі мен өнерімен көзге түскен оқушыларымыз мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай