16 Шілде 2024
Ата-аналарға

Ата-анамен өткен жиналыс

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ата – анлармен жүргізілген жиналыс хаттама №3

5 қазан 2021 жыл

Жиналыс төрағасы: И.Дәрібай

Хатшы: Р.Малдыбаева

1-11-сынып оқушылары ата-аналарының жалпы жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

  1. Мектептің ішкі ережесімен таныстыру.
  2. Смартфонды пайдалануға тыйым салу туралы 

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының И.Дәрібайдың хабарламасы

Мектептің ішкі ережесімен таныстыра келе ата –аналарға мектептің жарғысында бекітілген мектеп формасын сақтауға міндетті екендігі, мектеп аумағында ата-аналарға шылым шегуге болмайтындығы, мектеп мүлкіне зақым келтірген оқушы жауапқа тартылып, мектеп мүлкін оқушының ата-анасы қалпына келтіру міндетті екендігі, сабақ уақытында ата - аналар тарапынан бөгет келтіруге тыйым салынатындығы, мектепке ата-аналардың ішімдік ішкен жағдайда келуіне болмайтындығы, ата - ана баласының мектепке келуін қамтамасыз етуге, оларды оқу құралдарымен жабдықтауға, ата – аналар жиналысына қатысуға, мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысуға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ата – аналар тарапынан тікелей қолдау көрсетілетіндігі жөнінде айтты.

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шалғынбайдың хабарламасы.

Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда оқушылардың мектепке смартфондарды әкелмеу, қолданбау туралы ішкі тәртіп ережесіне сәйкес әрбір ата-ана осы айтылған ережелерді бұлжытпай орындау керектігі айтылды. Мектептен тыс уақытта да баланың ұялы телефонды қолданған кезінде интернет желілеріндегі қандай ақпараттармен шұғылданып отырғандығын білу керектігі баса айтылды.

Сол себепті ата-аналар 2021 – 2022 оқу жылында мектеп тәртібіне бағына отырып. сабақ уақытында мектеп ішіне ұялы телефонды алып келмейтіндігі жөнінде сынып жетекшісі мен бірлесе отырып акт жасалатындығын хабарлады.

Шығып сөйлеушілер:

Айтақынова Гүлбақыт –ата-ана

Жоғарыда айтылған мектеп ережесімен толық танысқандығын, оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелуіне үзілді-кесілді тыйым салу керектігін, осы істе ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілуі керектігін айтты. 

Зикирбаев Досан – ата-ана

Мектепте баланың толық білім алып, тәрбиелі болуына ұстаздар қауымының жасап жатқан еңбегінің өлшеусіз екендігін барлық оқушы, ата-ана мектеп ережесіне толық бағынып дұрыс азамат болып қалыптасуына жағдай жасауды дұрыс деп есептейтіндігін айтты. 

Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе жиналыс қаулы етеді:

  1. Мектептің ішкі ережесіндегі көрсетілген басымдықтар назарға алынсын
  2. Оқушылардың мектепте смартфон ұстауына тыйым салынсын.
  3. Ата – ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күшейтілсін.

Жиналыс төрайымы: И.Дәрібай

Хатшы: Р.Малдыбекова


«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткізілетін жалпы ата-аналар арасында «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында мектепішілік жиналысының хаттамасы № 1

Болатын уақыты: 5.09.2021ж 

Қатысқандары– 180

Күн тәртібінде:

1.Ата-аналар комитетінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыс есебі. ата –аналар комитетінің төрайымы Р.Малдыбекова

2.Ата-аналар комитетін қайта сайлау, жаңа оқу жылына жоспар бекіту. ДТІЖО А.Шалғынбай

3.«Мектепке барар жол» акциясын өткізу әлеуметтік педагог А.Жамшигулова

4. Мектеп ережесі. Мектеп инспекторы Қ.Қасабеков

Бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыс есебі. ата –аналар комитетінің төрайымы Г.Өмірбек сөз алып өз сөзінде: 10 қыркүйек күні жаңа оқу жылын бастар алдында 2020-2021 оқу жылында мектеп әкімшілігімен атқарылған іс – шараларға ата – аналар комитетінің төрайымы Өмірбекова Гүлбақыт атқарған жұмыстырының талдау есебін таныстырды. Мектебімізде 2021 – 2022 оқу жылында ата - аналар комитетінің төрайымы болып Малдыбекова Рауан сайланып, жаңа оқу жылына жоспар құрылып бекітілді. Баланың тәрбиесіне ата – ананың жауапкершілігі мол болғандықтан балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу іс – шараларында бірлесе жұмыс жасауға қолдау көрсетті. Осы арада мектептің инспекторы Қасабеков Қайыркен мектеп директорының №102 а бұйрығына сәйкес мектеп оқушыларына арналған мектеп ережесі бұйрығымен таныстырды. Яғни мектепте құрылған ережеге сәйкес мектеп оқушыларының бет бейнесімен тәрбтібіне ата – аналар тарапынан көбірек бақылау мен көмек берулерін сұрады.

Екінші мәселедеде мектепішілік ата – аналар комитетінің төрайымы ретінде Р.Малдыбекова сайланды.

Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Жамшигулова Айгерім өз сөзінде: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, өкіміне сәйкес «Балқаш аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 2 тамыздағы «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы № 108 – н бұйрығын орындау мақсатында мектебімізде «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Үлгілі » орта мектебінде 5 шілде – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол акциясы» өткізілуде. Акция мақсаты: ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасы балаларына демеушілікпен көмек қолын созу, оқуға тартылмай қалған балаларды мектепке тартуға жұмыс жасау. 

Акция жайлы көшеге стент ілініп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерді акцияға тарту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілді. Сонымен қатар балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармай қалудың алдын алу үшін 14 мөлтек аудан мұғалімдері алыс - жақын 10 шаруа қожалықтарын және 80 ауыл үйлерін аралап рейд жұмыстарын жүргізуді бастап, шаралар жүргізілді. Рейд нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепке тартылмай қалған оқушылардың жоқтығы анықталды. 

Қаулы:

  1. 2020- 2021 оқу жылының қорытындысы қанағаттарлық деп бағалансын.
  2. Оқушыларда саналы тәрбие мен сапалы білім болу үшін мектеп және ата-ана арасында тығыз байланыс орнатылсын. Ата –аналар комитетінің жаңа құрамы бекітілсін.
  3. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп, баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде жүргізілсін. 

Ата –аналар комитетінің төрайымы: Р.Малдыбаева


«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткізілетін жалпы ата-аналар арасында мектепішілік жиналысының

Хаттамасы № 2

Болатын уақыты: 13.09.2021ж 

Қатысқандары – 200 

Күн тәртібінде:

  1. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.
  2. Оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы.

Бірінші сұрақ бойынша ДТІЖО Шалғынбай Айгерім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелінген бұйрығымен таныстырды. Онда орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойлатын талаптарды атап өтті.

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 14-1) тармақшасына сәйкес 

  • Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі;
  • Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып белгіленеді;
  • 2021-2022 оқу жылында Республикамызда болып жатқан форс-мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін және оқу жылының аяғына дейін 1-11 сынып оқушылары мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келу қамтамасыз етілсін.
  • Оқушылардың білім алу кезеңіндегі сабаққа классикалық үлгідегі ыңғайлы киіммен қатысуы ата- анасына және сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайлар, оқу сабақтарының өткізілуі және оқу ғимараттарындағы температуралық режим ескерілсін.

Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар комитеті төрайымы Өмірбек Г оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. 

Қаулы:

  1. Ата -аналар балаларын мектеп формасымен міндетті түрде қамтамасыз етсін;
  2. Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.

Жиналыс төрайымы: И.Дәрібай

Хатшы: Р.Малдыбекова

Пайдалы ақпараттық ресурстар