09 Шілде 2024
Ата-аналарға

Жалпы ата-аналар арасында мектепішілік жиналысы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткізілетін жалпы ата-аналар арасында мектепішілік жиналысының
Хаттамасы № 2

Болатын уақыты: 13.09.2021ж
Қатысқандары – 200

Күн тәртібінде:

1. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.
2. Оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы.

Бірінші сұрақ бойынша ДТІЖО Шалғынбай Айгерім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелінген бұйрығымен таныстырды. Онда орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойлатын талаптарды атап өтті.

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 14-1) тармақшасына сәйкес
− Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі;
− Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып белгіленеді;
− 2021-2022 оқу жылында Республикамызда болып жатқан форс-мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін және оқу жылының аяғына дейін 1-11 сынып оқушылары мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келу қамтамасыз етілсін.
− Оқушылардың білім алу кезеңіндегі сабаққа классикалық үлгідегі ыңғайлы киіммен қатысуы ата- анасына және сынып жетекшісіне міндеттелсін.

Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайлар, оқу сабақтарының өткізілуі және оқу ғимараттарындағы температуралық режим ескерілсін.
Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар комитеті төрайымы Өмірбек Г оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді.

Қаулы:

1. Ата -аналар балаларын мектеп формасымен міндетті түрде қамтамасыз етсін;
2. Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.

Жиналыс төрайымы: И.Дәрібай
Хатшы: Р.Малдыбекова

Пайдалы ақпараттық ресурстар