09 Шілде 2024
Жаңалықтар

Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша І тоқсанда жүргізілген жұмыстың есебі

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша І тоқсанда жүргізілген жұмыстың есебі.

Азаматтық тәрбиелеу идеясы азаматтық қоғамның өзі тәрізді баяғы заманнан бері келе жатқан ұғым, оның мәні- қоғам мүшелерін өзара үйлесімді өмір сүруге баулу, соған тәрбиелеу. Азамат болу- өз құқықтарыңды, сонымен қатар өз міндеттеріңді саналы да сындарлы түрде ұғындыру. 2021-2022 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты Балқаш АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Д.С.Кутпановпен біріккен іс-шара жоспары жасалды.

«Түнгі ауылда» атты акцияларын өткізу барысында түнгі кезекшіліктің мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, жасөспірімдер мен балалардың беймезгіл көшеде жүрмеуін қадағалау. Сонымен қатар оқу жылы басында ата-аналармен, кешкі сағат 21.00- ден кейін қоғамдық орындарда балалардың жүруіне қатаң тыйым салынатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соған байланысты мектеп қабырғасында және басқа да мәдени орындарда өткізілген іс-шаралар кешкі сағат 17.00-ден кешіктірілмей өтуде. Сондай-ақ оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте түрлі үйірме жұмыстары, спорт секциялары жүргізіліп, оқушылар қоғамдық жұмыстарға тартылып отыр. Түнгі кезекшілік кезінде орынсыз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтар кездескен жоқ. әдептілікке тәрбиелеу. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында сабақтан тыс бос уақыттарын қамту мақсатында факультатив, ақылы және ақысыз үйірмелердің жылдық жоспары бекітіліп жұмыс жүргізіледі.

5 қыркүйек күні сынып жетекшілер оқушыларды мектептегі секциялардың жұмыс кестелерімен таныстырылып, Мектеп парламенті ұйымының тарапынан құрылған ұйымдарға оқушылар тартылды. 30 қыркүйек күні «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы»атты тақырыпта жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп ата – аналарының 85% -ы қатысып, мектеп психолгінің тренингі, ата – аналар комитетінің жылдық талдауын естіп, мектеп оқушыларының тәртіп ережелерімен таныстырылып өтті.

Қазан айының 4 күні тарих пәнінің мұғалімі Шалғынбай Айгерім «Құқық әлемінде» атты тақырыпта 9 – 10 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты негізінде оқушылардың патриоттық, құқықтық білімдерін арттыру мақсатында жүргізілген тәрбие сағаты өз деңгейінде жақсы өтті.

Ер оқушыларды жинап алып, яғни 5,9,11 сыныптар арасында әлімжеттік және бопсалау туралы пікірталас өтті. Сонымен қатар мектеп директоры, тәрбие орынбасары, Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры О.А.Садырбаева мен алғашқы әскери дайындық мұғалімі қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы болды. Ең алдымен оқушыларды әлімжеттік пен бопсалау не екенін сұрадық. Кіші сыныптардың бұл сөздерді білмеуіне байланысты оларға түсінік берілді. Бұл сөздерді анықтап болған соң, бейнебаянға көңіл аударттық. Оқушылар бұл бейнебаянда болған оқиғаны баяндап, оның жақсы да жаман тұстарын айқын ажыратып, түсіне алды деп есептейміз. Одан соң интербелсенді тақтадағы мәтіндерге көз жүгірте отырып, әлемдегі және еліміздегі әлімжеттік пен бопсалау туралы мәліметтерді талқыладық. Ондағы мәлімет мынадай: Бүгін жаңалықтар оқып отырып, БҰҰ-ның Ресей мектептері жайлы зерттеу мақаласын көзім шалып қалды. Жазуға сенсек, Ресей мектептерінде оқушылардың 1/3-і түрлі мазақтаудың, физикалық және псиxологиялық әлімжеттіктің құрбаны болады екен. Осыдан бір жыл бұрын сол БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ қорының баяндамасында әлемде әр төртінші оқушы мектептегі әлімжеттіктің құрбаны деген еді. ⠀

Келесі кезекте ер мұғалімдер оқушыларға өз тәжірибесінде болған оқиғаларды айта отырып, келешекте ондай жағдайлар болмауына үндеді. Мектеп директоры И.Дәрібай қанша жылдар бойы мектеп басында тұрғалы неше түрлі қиын оқушылар болғанын хабардар етті. Ол оқушыларды көбісі түзелді десе, кейбірі әлі де өз жаман әдеттерінен арылар еместігін мәлімдеді. Сонымен қатар мектеп басшысы жасөспірімдердің Ата заңымыздың қылмыс істеудегі жазалау баптарымен түсіндіріп кетті.

Қорытындылай келе оқушылар біраз мәлімет алып, ой түйіп, көп түсінік алды деп есептеймін. Олардың бірауыздан ондай олқылықтарға жол бермейтіндерін, мектептегі ұл балалардың бір-бірін кемсітпей, кіші үлкенді, үлкен кішіні өзінің бауырымен ағасындай тату-тәтті жүруге тырысады деп ойлаймын.
«Өз денсаулығың өз қолыңда» атты тақырыпта нашақорлық,маскүнемдіктің алдын алу жұмыстары бойынша мектеп мейірбикесі және сынып жетекшілері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен денсаулық фистивалі өткізілді. Аталмыш шараға мектеп оқушыларының 100 % - ы қамтылып, өте жақсы деңгейде өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай

Пайдалы ақпараттық ресурстар