09 Шілде 2024
Жаңалықтар

«Латын əліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты тәрбие сағаты

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Латын əліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты тәрбие сағаты.

Қазақ тілі əліпбиі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.02.2018 № 637 жарлығымен жарияланған күннен бастап 32 латын графикасы негізде қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын əліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру жəне əдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты.

Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде əлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Демек, латын əліпбиінің біздің отанымыздың əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

2020 жылы мектеп директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызының қатысуымен Латын əліпбиіне көшу туралы халыққа түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мектепішілік кітапхананың оқу залында «Латын əліпбиі – болашаққа жол» атты дөңгелек үстел, кітапхананың балалар бөлімінде «Латын əліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында танымдық сағат өткізіліп, шараға мекеме қызметкерлері, оқырмандар мен ауылдық округ кітапхана қызметкерлері қатысты. Қарақыстақ ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары жəне кітапхана ұжым қызметкерлері арасында Латын əліпбиіне көшу туралы сұрақ-жауап сағаты ұйымдастырылды. 9-11 сынып оқушылары арасында «Жаңа əліпбиімен» тақырыбында диктант жазылып, оқушылардың латын əліпбиін қаншалықты меңгергендігі туралы білімдері тексерілді.

Ауылдық округ əкімшіліктерінде «Латын əліпбиінің берері мол», «Қазақ əліпбиін – латын қарпіне көшіру заман талабы», «Латын əліпбиімен болашаққа жол», «Əліпби əлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашады», атты тақырыптарда түсіндіру жұмыстары мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық округтерде ауыл тұрғындарымен жастарға, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекетік қызметшілер арасында байқаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізілуде. Ауданға қарасты 24 ауылдық округтер латын əліпбиіне байланысты жылдық жоспар жасап, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дегерес ауылдық округінде ұстаздар арасында «Латын əліпбиіне көшу тіл реформасының бір сатысы», Қарой ауылдық округтерінде əкімшілік қызметшілері жəне кітапхана, мəдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Латын əліпбиіне көшу» атты тақырыпта пікір алмасулар ұйымдастырылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар